«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде «цифрлы ұрпақ» саны көбейіп келеді

Ақтөбе облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалының Ырғыз аудандық ХҚО қызметкерлері, орталық кітапхана ғимаратында «Цифрлық сауаттылық — уақыт талабы» атты шара ұйымдастырды. Оған Ырғыз аудандық бөлімі мамандары және Ырғыз гимназия мектебінің оқушылары қатысып, ХҚО мамандары оқушыларға цифрландыру бойынша құнды ақпараттармен бөлісті.

Оқушыларға бұрынғы құжат айналымы мен қазіргі кездегі жетістіктерді салыстыра отырып, электронды қызметтерді түсіндірді. Сандық форматқа көшу болашақ жастар үшін өте тиімді екені және қазіргі мобильді қосымшалар бойынша ерекше айтылды.

Бір қызығы оқушылар арасында қызу пікірталастар өтіп, алдағы уақытта цифрландыру бойынша тың идеялары барын жеткізді. Олар электронды үкімет порталының жұмыс істеу алгоритімін біліп, электронды құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үрдісін үйренді.

Жиын соңында ХҚО қызметтерінің электронды форматқа көшірілуін түсінген жастар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта ол балалар ата- аналарына, әжелеріне электронды үкімет порталын қолдануға көмектесе алатын болады.

Сондай-ақ, облыс бойынша филиалдың бекіткен кестесіне сәйкес жауапты ХҚО мамандары, орта оқу орындары және мектептерде цифрлық сауаттылық бойынша үздіксіз оқыту ұйымдастырып келеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ТЫЛ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕРДЕ «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ХК «Актобе» проводит матчи на домашней арене

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.