«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде алаяқ әйел кәсіпкерлердің 56 млн теңгесін иемденіп кеткен

Ақтөбелік полицейлер 6 кәсіпкерден ірі көлемде ақша жымқырған 33 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, алдау арқылы ірі сомадаға ақшаларын иемденген. Біріне тендерден ұтуға әуде етсе, тағы біріне жұмысқа орналастыратынын айтқан.

Ол 2019 жылдың желтоқсанында 8 млн теңгені қалтасына басқан. Сол айда тағы екі кәсіпкерді алдап, 8 және 7,8 млн теңге көлемінде ақша жымқырған.

«Ал 2020 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкерінен 32,2 миллион теңге алды. Ол тендер байқауын жеңіп беруге уәде еткен. Барлық дерек бойынша тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді

admin_mugalzhar

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданы Жем қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.