«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік әйел пәтер жалдап, теріс ағымды насихаттап келген

Ақтөбеде 55 жастағы әйел пәтер жалдап, уағыз жүргізді. Бұл ісі үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды насихаттап жүргендерге қатысты 6 қылмыстық іс қозғап, 8 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

«Теріс діни ағымдарды жақтаушылар қаруды заңсыз сақтау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және т. б. қылмыстар жасады. Мәселен 55 жастағы әйел пәтерді жалға алып, онда уағыз жүргізді. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 265 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 30 жастағы ер адамнан діни сипаттағы тыйым салынған әдебиеттер алынып, әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 176 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Адамдар тыйым салынған аудио және бейне жазбаларды әлеуметтік желілерден көшіріп, сақтап, таратады. Бұл үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген. Барлығы 4 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 53 мың теңге айыппұл төледі», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұқсас ақпараттар

611 тұрғын өз кәсібін бастамақ

admin_mugalzhar

«Эйр Астана» халықаралық әуерейстер санын қысқартады

admin_mugalzhar

150-ден астам жұмысшының талабы: Жалақы көтерілсін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.