«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Табынбай Мустафин, Мұғалжар аудандық емханасының меңгерушісі: Алдымызда тұрған жауапкершілік пен міндет екі есе

Бүгінгі әлемді жаулаған қауіпті індеттің алдын алу, онымен күресу жұмыстарын біздің ел ерте бастап кетті. Дегенмен, дүниежүзін дүрбелеңге салған бұл індет елге де жетті. . Сол себепті барлық кәсіби білігіміз бен адами қасиетімізді осы жолға арнауға тиістіміз.

Халық дәрігерлерге үміт артып, мемлекет басшысы сенім білдіріп отыр. Оның дәлелі — халқымыздың өз жұмысы жолында қауіпке бас тігіп жүрген дәрігерлерге айтып жатқан алғысы мен Президентіміздің кешегі мәлімдемесі.
Мемлекет басшысы атап өткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төлеу мен олардың өмірін сақтандыру мәселесінің шешімін табуы — бізге көрсетілген үлкен қолдау.

Біз де өз тарапымыздан осы сенім мен үміттің үдесінен шығып, міндетімізді абыроймен атқаруға тиістіміз. Барлық әріптестеріме ел басына туған қиын күндердегі жауапты жұмыстарына сәттілік тілеп, сабыр мен шыдамдылыққа шақырамын.

Мустафин Табынбай Қыдырбайұлы, аудандық емхана меңгерушісі

Ұқсас ақпараттар

437 ОТБАСЫ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Білім саласының өз ерекшелігі бар

admin_mugalzhar

Жерлестермен жүздесу

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.