«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАҢҒА БАҒЫНАЙЫҚ!

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты аудан бойынша жалпы 19 блок қойылды. Оның ішінде 3 магистральді республикалық мағынасы бар автокөлік жолдарына, яғни Ембі қаласының шығаберісі, Шұбарқұдық және Ақтөбе бағытындағы жолдарға қойылған.

Сонымен қатар, барлық 12 ауылдық округтермен Ембі және Жем қалаларында орнатылды. Осы посттардың жабық тұрғанына қарамай, айналып өткен 4 әкімшілік құқықбұзушылық орын алған. Ол іс сотқа өтіп, соттың шешімімен ескерту жарияланды.

Ауданда төтенше жағдай талаптарын сақтамауы бойынша жалпы 33 әкімшілік хаттама, оның ішінде көлік жуу орындары, ТҚС, кафе, мейрамханалар, тұрмыстық техника, т.б. сауда орындарына шектеу қойылғанына қарамастан, жұмысын бұрынғы жағдайда жалғастырған және сақтық шараларын сақтамауы бойынша 29 әкімшілік хаттама және әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарату бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұғалжар ауданы бойынша жалпы коменданттық сағат енгізілген жоқ. Біз тек Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 3 адамнан артық топтасуына, тіркелмеген таксисттердің жүруіне, спорт алаңдарында жиналуға жолбермейміз.

Мұғалжар ауданы әкімдігі, аудандық Ішкі саясат бөлімі, аудандық мәслихат, Жастар ресурстық орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мұғалжар аудандық филиалы және аудан еріктілерімен түсіндіру жұмыстары күнделікті жасалуда.

«Бірақ тұрғындар әліде бей-жәй қарауда. Көшеде адамда, көлікте себепсіз көп жүреді.Қанша жерден түсіндірсекте, айыппұл салсақта, нәтиже төмен. Тұрғындарды үрейге салынбай, сабырлық танытып, тыйым салу және шектеу шараларын сақтап, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға шақырамын. Сонымен қатар, жалған хабарламаларға мән бермеу және ақпараттың ресми көздеріне ғана сену маңызды екеніне скертемін», — деді аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Ардақ Хангелдин.

Ұқсас ақпараттар

ПРИЧИНОЙ ПОЖАРА СТАЛ ПОДЖОГ

admin_mugalzhar

«Smart сitу» цифрлық жобасы нәтижелі іске асырылуда

admin_mugalzhar

Аймағамбетов 4-7 жыл жұмыс істеген білім беру ұйымдарының басшылары ауысатынын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.