«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтардың 1,6 млн-нан астам несиесінің мерзімі кейінге шегерілді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 1,6 миллионнан астам несие алушының қарыздары бойынша мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда. 2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді», — делінген аталған агенттік мәліметінде.

Осы орайда 1 661 232 жеке тұлғаның 237,4 млрд теңгесі немесе қарыз алушылардың 31,3 пайызы бойынша төлемді тоқтата тұру мақұлданды. Оның ішінде 299 363-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері.

«Сонымен бірге, 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1 пайызы несие мерзімін кейінге шегерді. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешім қабылданады», — деп аталып өткен хабарламада.

Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға, сондай-ақ 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешегі бар.

Ұқсас ақпараттар

ВЫБИРАЙ ЖИЗНЬ!

admin_mugalzhar

Аудио, бейнежазба түрінде шағым қабылдайтын «Police 102» қосымшасы іске қосылды

admin_mugalzhar

Қазақстан колледждерінде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.