«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанынан отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы билік партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов желідегі парақшасында жазған.

«Кеңес мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірге отбасының, әйелдердің және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында жұмыс істейді. Сондай-ақ алдағы уақытта шұғыл жұмыс тобы құрылып, қиын өмір жағдайларына тап болған отбасыларды анықтайды», — деп жазады ол.

Ербол Жеткергенұлының хабарлауынша, әрбір анықталған жағдай бойынша шаралар қабылданып, жедел көмек көрсетіледі.

Ұқсас ақпараттар

«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау

admin_mugalzhar

Әзербайжан Таулы Карабахта қаза тапқан сарбаздар санын алғаш рет ресми түрде жариялады

admin_mugalzhar

БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН АУЫЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.