«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатыр

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджет шығыстары — 97,9%, республикалық — 98,9%, жергілікті бюджеттер — 97,2% атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 5 трлн 620 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 61 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 15 млрд теңгесі үнемдеу болды. Игерілмеген сома — 46 млрд теңге. Бюджет қаражатын уақтылы игере алмай жатқан мемлекеттік органдар: Ұлттық экономика министрлігі – 7,3 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі – 6,4 млрд теңге, Денсаулық сақтау министрлігі – 4,8 млрд теңге, Жоғарғы Сот – 4,5 млрд теңге, Қорғаныс министрлігі – 4,2 млрд теңге», — деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министр қаржының игерілмеуінің негізгі себептері — конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыс көлеміне төлеу, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлем бойынша құжаттарды ұзақмерзімді келісу екенін атап өтті.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 2 трлн 606 млрд теңгені құрады. 75 млрд теңге орындалмады. Өңірлерге 2 трлн 317 млрд теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша, оған 671 млрд теңге бөлінді. Оның 96% немесе 643 млрд теңгесі игерілді. Орындалмаған сома — 28 млрд теңге. Оның 8 млрд теңгесі — бюджет қаражатын үнемдеу болса, ал 20 млрд теңге — игерілмеді», — деді ол.
Бұл ретте ең көп игерілмеген қаражат мына өңірлерде қалыптасқан: Алматы қаласы – 3,4 млрд теңге, Батыс Қазақстан – 2,7 млрд теңге, Павлодар – 2,6 млрд теңге, Қызылорда – 2,4 млрд теңге, Қарағанды – 2 млрд теңге, Маңғыстау – 1,6 млрд теңге, Ақмола және Түркістан облыстарында – 0,9 млрд теңгеден, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы облысында – 0,8 млрд теңге.

Ұқсас ақпараттар

11 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

admin_mugalzhar

Ұлттық банк: Карточкалар бойынша төлем қолма-қол есептесу көрсеткішінен асты

admin_mugalzhar

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.