«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Айжан Есмағамбетова: Жұмыс берушілерге ПТР анықтама сұрауды міндеттемейміз

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс берушілерге ПТР тестілеу нәтижесін апару талабы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір көптеген жұмыс берушілер кеңсеге оралған қызметкерлерден ПТР анықтамасын сұрап жатыр. Біз мұндай талапты міндеттеген жоқпыз, міндеттемейміз. Тіпті, кеңес бермейміз деп айта аламын. Өйткені, ПТР анықтамасы бүгін теріс болуы мүмкін, бірақ адамның өзі вирус жұқтырып, енді тарала бастауы әбден мүмкін», — деді бас санитарлық дәрігер онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс берушілердің талабы еңбек заңнамасы аясында қарастырылады.

«Егер жұмыс беруші мен жұмысшы арасында тестілеуден өту туралы уағдаластық болса, бұл еңбек заңнамасы аясында шешілуі керек. Бірақ, біз жұмысқа оралғандарға міндетті тестілеуден өту талабын қойып отырған жоқпыз», — деді А. Есмағамбетова.

Сонымен бірге, спикер ПТР тестілеуден тегін өтетіндер санатын айтып берді.

«Ауру оқиғасы тіркелген жерде үнемі эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру аясында байланыста болғандар тізімі құрылады. Менің қаулыма сәйкес, жақын және ықимал байланыста болған адамдар тестілеуден тегін өтуі тиіс», — деді А. Есмағамбетова.

Ұқсас ақпараттар

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: 70 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Диетолог қызанақтың денсаулыққа пайдасы жайлы айтты

admin_mugalzhar

Қазақстанда сайлауға алты партия өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.