«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

11 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

Ащысай ауылдық округі мектептерінің жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, қысқы отынмен қамтамасыз етілген. 2019-2020 оқу жылында 109 бала оқыса, осы жылы оқушылар саны азайып, 104 бала оқымақ.
-Округ мектептерінде 26 мұғалім, 38 кіші қызметкерлер, 5 адам мектеп жанындағы интернатта жұмыс жасайды. Ауыл орталығындағы орта мектеп жанындағы 36 орындық мектеп-интернатта ауылдардан келген 9 тәрбиеленуші жатып білім алады. Оқушыларды тасымалдау мәселесі шешілген. Ақсу негізгі мектеп жанындағы шағын орталықтарында 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ақсу елді мекенінің тұрғындары қамқоршылыққа және патронаттық тәрбиеге 11 бала алды. Алға, Темір, Хромтау, Қобда аудандарындағы балалар үйінен бала асырап алған ауыл тұрғындары Нұржамал Айтекенова, Зейнегүл Жұмағалиева, Светлана Абилкаирова, Мерей Есеева, Балмекен Кулбаева, Ақманат Исбусиновалар игілікті іс жасады. Бүгінде балалар толық отбасында мейірімге бөлініп тәрбиеленуде. Балалардың жағдайы жақсы, жеке бөлмелері бар, ақпараттық құралдармен қамтылған. Олардың тәрбиесі қазіргі жағдайда әлдеқайда көш ілгері, — дейді ауыл басшысы

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

admin_mugalzhar

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.