«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ: ЕҢБЕК ӨТІЛІ — 420ЖЫЛ

2013 ЖЫЛЫ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ — ОТБАСЫ КҮНІ БОЛЫП БЕКІТІЛГЕН БОЛАТЫН. СОЛ ЖЫЛДАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП КЕЛЕДІ. БИЫЛ БҰЛ МЕРЕКЕ 13 ҚЫРКҮЙЕККЕ СӘЙКЕС КЕЛЕДІ. ҚАЗАҚ ҮШІН ОТБАСЫ ҰҒЫМЫ ҚАШАНДА КИЕЛІ. АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ДҮНИЕГЕ ШЫР ЕТІП КЕЛГЕНДЕ, ЕСІГІН АЙҚАРА АШЫП ЕНЕТІН ҮЙІ, ӨСІП ЕРЖЕТЕТІН, ТӘРБИЕ АЛАТЫН ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ ӘРИНЕ, ӨЗІНІҢ ТУҒАН ОТБАСЫ. БАЛАНЫҢ ДА ТӘРБИЕЛІ, ӘДЕПТІ, БІЛІМДІ БОЛЫП ӨСУІНЕ БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ ТИГІЗЕР ӘСЕРІ МОЛ. «ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ» ДЕЙДІ ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ. ОСЫҒАН ОРАЙ, МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДА ТҰРАТЫН ТӘРБИЕСІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ЖАРАСҚАН, ҮЛГІЛІ ЕҢБЕК ОТБАСЫЛАРЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛАЛАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАМЫЗ.

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНА АЙНАЛҒАН ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДА ЖАСАЙТЫН ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ ЖЕТЕРЛІК. СОЛАРДЫҢ КӨШІН ЖҰБАНЫШЕВТАР ӘУЛЕТІ БАСТАЙДЫ. БҰЛ ОТБАСЫНЫҢ 21 МҮШЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫНА АЙНАЛҒАН ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТЕДІ. ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 400 ЖЫЛДАН АСЫП ЖЫҒЫЛАДЫ.

Бүгінде жүк тасымал бөлімшесіне қарасты Қандыағаш станциясының жүк іздестіру агенті, отбасы мүшесі Жұмагүл Сапинаның сөзіне қарағанда, әулет үлкені Керей Жұбанышұлы ҰОС қатысушысы. Ұзақ жылдар теміржолда еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. Анасы Сәлима апай да осы салада кассир болған жан. Ата-ананың адал еңбегінжалғаған балалары шойын жол бойында түрлі қызметтер атқарады. Бірі кассир, бірідиспетчер, бірілокомотивші, енді бірі болат жолдың қауіпсіздігін қарайтын жолшы. Жұбанышевтар қарапайым жұмысшыдан бастап, бөлім басшысы секілді басшылық қызметке дейін көтерілген. Адал еңбекпен мәртебелі мамандықтың шыңына шыққан отбасы мүшелері 2019 жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясынжеңіп алды. — Құрметті теміржолшылар әулетінің мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Осы кәсіптің арқасында нәпақамызды тауып, берекеміз кіріп отыр. Теміржолмен бірге өсіп-өндік десек болады. Ата-анамстанцияда жұмыс жасағаннан болар, отбасымызда барлығы осы саланы таңдады. Бізден кейінгі ұрпақ та шойын жолда қызмет жасап, мамандық сабақтастығынжалғастырадыдеп сенемін. Әрине, бұл салада қызмет ету оңай емес. Табандылық пен қажырлықты, сауаттылық пенжауаптылықты қажет етеді, — дейді Жұмагүл Керейқызы. Ұрпақ сабақтастығынжалғастырған теміржолшылар отбасының тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайраты еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосуда. Әулеттің әрбір мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп, берекеліғұмыр кешуде. Мамандықты атадан балағажалғастырғанмәуелі шаңырақтың бүгінгі ұрпақтары да өздерінің ризығын теміржол саласынан табуда.

Нұрғаным Кесікққұл.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Аким Актюбинский области Бердибек Сапарбаев посетил ряд объектов Мугалжарского района

admin_mugalzhar

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.