«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынастарын қайта жандандырды

ДДСҰ картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы халықаралық рейстер қайта жаңартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады», — дейді сыртқы істер министрлігі. 

Екі ел арасында рейстер аптасына екі рет орындалатын болады. 

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер «Эйр Астана» әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).
Рейстер санитарлық — эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі және т.б.) қатаң сақтай отырып орындалатын болады», — дейді олар. 

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

Бұл күн Қазақстан халқының бірлігін паш етеді – Назарбаев

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.