«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудан басшысы Дархан Ермағанбетов аудан әкімі аппаратына жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелдіні таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Тағайындау шарасына аудан аумағындағы мекеме және кәсіпорын басшылары қатысты.
Ауданның құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс салаларына жетекшілік ететін аудан әкімінің жаңа орынбасары Жомарт Бақыткелдіұлы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Бөгетсай ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылдан бері мемлекетік қызмет саласында еңбек етіп келеді.

Осы жылдар аралығында Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор, бас маман, санитариялық сектор меңгерушісі, басшының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісі соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы, «Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы, Мәртөк ауылдық округінің әкімі, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ жоспарлау және қаржы жұмысы секторының бас маманы, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау секторының меңгерушісі, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, басшысы, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ұқсас ақпараттар

«ҰШҚЫННАН» ЖЕТКЕН ЖЫЛУЛЫҚ

admin_mugalzhar

АЭС салу — энергия тапшылығынан арылтады

admin_mugalzhar

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚҰМЖАРҒАН МЕН БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.