«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде сегіз оңалту орталығы ашылады

Елімізде жыл соңына дейін балаларға арналған 8 оңалту орталығы жұмысын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл игі бастама ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Орталықтар Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында орналасқан. Сондай-ақ жыл аяғына дейін бұл өңірлерде мектептер жанынан 16 инклюзиялық қолдау кабинеттері де ашылады. Орталықтардың бәрі де заманауи құрылғылармен жабдықталады. Қазір шетелден керекті құрал-жабдықтың 40%-і әкелінген. Қалғаны жыл соңына дейін жеткізіледі. Емделу үшін елордаға ағылатындар үшін бұл бастама тиімді болмақ. Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары — Облыста балаларға мүлдем дұрыс орталық жасалмаған. Түркістанды да, Жамбыл облыстарын да алып қарасаңыздар, ол жақта өкінішке орай, осындай аурумен ауыратын балалардың саны көп те, бірақ емдейтін орын өкінішке орай жоқ. Біз сол облыстарды сол орталықтарда ашқан кезде тек қана сол қаланың балаларына ғана емес, сонымен қатар сол жердегі аудандарды, облыстың аудандарын сол орталыққа барып емделуге жағдай жасап жатырмыз. Әр орталық айына 50, бір жылда 600-ге жуық баланы тегін қабылдайды. Балалардың шамамен 30%-і ауылдық жерлерден келеді деп жоспарланған. Ресми дерек бойынша елімізде церебралды сал ауруына шалдыққан 26 мыңға жуық бала бар. Айта кетейік, орталықтарда жұмыс істейтін 336 медицина қызметкері біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өткен.

Ұқсас ақпараттар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

admin_mugalzhar

Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

admin_mugalzhar

МӘРТЕБЕЛІ МӘУЛІТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.