Ақтөбе облыстық білім басқарма басшысы Жайық Сұлтан Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Digital Ustaz Aktobe” облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Аталмыш байқауға облыс бойынша 30 жасқа дейінгі білім беру ұйымдарының жас педагогтері қатысып, бақ сынады. Алғашында түскен 62 педагогтің жұмысынан үздік деп танылған 5 жұмыс иесі байқау финалына өткен болатын.
Аталған байқауға ауданымыздан №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утарбаева Аяжан Абеновна қатысып, финалда ең жоғарғы балды иеленіп, жас үздіктер қатарынан орын алды.
Марапттау сәтінде Аяжан Абеновнаға облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасы атынан шипажайға демалуға жолдама берілді.