Қазақстан Орталық сайлау комиссия төрағасы Берік Имашев депутаттар сайлауын онлайн — режимде өткізбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
«Сайлау процесі «Сайлау туралы» заңмен реттеледі және осыған байланысты бізде онлайн-дауыс беруге қатысты сұрақ болған жоқ. Бұл сайлауды әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдермен өткізетін боламыз, яғни біздің сайлаушылар үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңалық болмайды», — деді Берік Имашев ОСК отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындады.