«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Словакияда барлық тұрғындар коронавирусқа тест тапсыратын болды

Анализдерді 10 жастан асқан тұрғындардың барлығы тапсырады. Ал тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда, олар өз-өзін оқшаулауға көшуі тиіс.   Словакияда демалыс күндері, 31 қазан мен 1 қараша аралығында коронавирусқа жалпыұлттық тестілеу өтеді. Бұл туралы Aktuality хабарлады. «Пилоттық жобаны жүзеге асырып болғандықтан, біз енді кешенді тестілеуге көшеміз. Ол сенбі мен жексенбі күндері өтеді», – деді елдің премьер-министрі Игорь Матович. «Осы бастама арқылы біз вирус жұқтырғандарды анықтап, олардан үйде отыру арқылы өзгелерге қауіп тудырмауды сұрайтын боламыз», – деді Матович. Егер бұл тәсіл сәтті шықса, билік өзге елдер де Словакиядан үлгі алады деген үмітте. Словакияда 5,5 млн-ға жуық адам тұрады.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҰБТ: 478 ТҮЛЕК НИЕТ БІЛДІРГЕН

admin_mugalzhar

1 сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады

admin_mugalzhar