«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр

Kaspi.kz қосымшасындағы ақау жойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет жұмыс істеп тұр. Клиенттердің барлық қаражаты орнында және шотта дұрыс көрсетіліп тұр. Біз қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және біздің сүйікті клиенттерімізге «Қолдау білдіргені үшін рақмет!» айтамыз.

29 қазан 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы жасалған Kaspi Gold және Kaspi Red-тің әрбір төлемі үшін 5 пайыз бонус сыйлаймыз.

Қара ниетті, жаман адамдар таратқан фейк хабарламаларға назар аудармаңыз. Біз әрқашан сүйікті клиенттерімізге кез-келген оқиға туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымызда шынайы түрде хабарлаймыз», — деді банктегілер.

Мұның алдында қосымшаның жұмысында техникалық ақаулар боолғаны хабарланған еді. Kaspi.kz өкілдері қазақстандықтардың шағымына жауап бере отырып, ақау тез арада жойылады деп уәде берген еді.

Кейінірек Kaspi.kz шоттағы «ақшаның жоғалуына» қатысты пікір білдірген болатын. Банк клиенттердің ақшасы шоттарында сақталатынын айтқан еді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 51 миллионнан асты

admin_mugalzhar

Численность госслужащих сократят в Казахстане

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.