«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 26 инвестициялық жоба іске қосылады

Бұл өңірде 1 мың 100-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақтағы инвестициялық ахуал қолайлы. Жыл басынан бері 7 жоба іске қосылған. Оның бірі – құрылыс материалдары мен кірпіш шығаратын зауыт, енді бірі жел электр станциясы. Соңғысы – жасыл энергетика саласында қолға алынған ең ірі жобалардың бірі. Өндірісті өңірде жыл соңына дейін 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Дегенмен баспана кезегіндегі адамдар саны әлі көп. Қазір 31 мыңнан астам тұрғын жеке үйге мұқтаж. Тең жартысы – әлеуметтік осал топ өкілдері. Сондай-ақ Ақтөбеде мұнай мен газдың мол қоры болса да, тұрғындар көгілдір отынға толық қол жеткізе алмай келеді. Бұл ретте облыс әкімі келер жылы 8 елді мекенге газ жеткізілетінін алға тартты. Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі: – Жыл аяғына дейін аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 420 пәтер тапсыру жоспарда. Ағымдағы жылы 1084 отбасына пәтер беру жоспарланса, 420 пәтер осындай топтарға тапсырылады. Ол үшін 6,5 млрд теңге қарастырылып еді. Пандемия кезінде тарифтерді 20 процентке төмендетуге жағдай жасадық. Электр энергиясын 10 процентке төмендеттік.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

ПОЧТИЛИ ПАМЯТЬ ПАВШИХ ВОИНОВ

admin_mugalzhar

ЕРІКТІЛІК — ЕРМЕК ЕМЕС, ЕРЛІК ІС

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.