«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

Сенат 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарады. Соған сәйкес осы уақыт ішінде бюджет қаражатының жартысынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалатыны және қаржы көлемі жыл сайын артып отыратыны белгілі болды. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы үш жылда әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі – 23 трлн. теңге. Оның 7 трлн-ы немесе жылдық бюджеттің 50,4 пайызы – 2021 жылға жоспарланған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 61,6 пайызға жеткізіледі.

– Сыртқы нарықтағы күрделі жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы кешенді іс-шараларды қаржыландыру жалғаса береді. Бюджетті қарау барысында алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді. Соған сәйкес 2021 жылы бюджет шығындарының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Президентіміздің тапсырмасымен, экономикадағы қиындықтарға қарамастан, бюджетте барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға керекті қаржы қарастырылған. Бұл қаражат әлеуметтік төлемдерді индексациялауға, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көбейтуге және халыққа медициналық қызмет көрсетуге жұмсалады, – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Басым бағыттардың қатарында медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің жалақысын өсіру мәселесі бар.

Соған сәйкес алдағы үш жылдың ішінде дәрігерлердің жалақысы жыл сайын 30 пайызға көбейтіледі. Ал кіші медицина қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылы – 20 пайызға көбейтілсе, 2022 және 2023 жылдары 10 пайыздан өсіріліп отырады.

Мұғалімдердің жалақысы да жыл сайын 25 пайызға көбейетін болады. Педагогтардың табысын арттыру үшін қосымша төлемдерді қоса алғанда 2021 жылы биылғы 2020 жылға қарағанда 305 млрд. теңгеге көп қаражат бөлінеді.

Жалпы, білім және ғылым жүйесін дамыту үшін республикалық бюджетте алдағы үш жылға 5,1 трлн теңге қарастырылған. Келесі жылы бұл салаға 1,3 трлн теңге бөлінеді. Бұл – 2020 жылғы қаражаттан 458 млрд-қа көп.

«Мұғалжар» сілтейді.

Ұқсас ақпараттар

Қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе?

admin_mugalzhar

Ипотекамен үй сатып алу үшін алғашқы жарнаға қанша ақша қажет

admin_mugalzhar

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқи ма?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.