«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Медғат ЕШНИЯЗОВ: ӘРБІР ЖАС ӨЗ ЕЛІНІҢ ДАМУЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ КЕРЕК

САБАҒЫҢ ҚАЛАЙ, СТУДЕНТ?

17 ҚАРАША — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ. БҰЛ МЕРЕКЕ КҮНТІЗБЕДЕ ҚЫЗЫЛ БЕЛГІМЕН БЕЛГІЛЕНБЕСЕ ДЕ, ҚЫЗЫҒЫ МОЛ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ЕНДІ ӨТІП, ЕРЕСЕК ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСҚАН СТУДЕНТТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮНДЕРДІҢ БІРІ. ОСЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ, ШЕТ ЕЛ МЕН ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІ ӘҢГІМЕГЕ ТАРТТЫҚ. БАСТЫ ТАҚЫРЫП — БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚАШЫҚТАН ОҚУМЕН БАСТАҒАН ЖАСТАРДЫҢ ОНЛАЙН ОҚУДАҒЫ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ БОЛДЫ.

— Мен Ақтөбе қаласында философтар отбасында дүниеге келдім. Балалық шағым мен оқушы кезім Мұғалжар ауданындағы Құмсай ауылында өтті. Мектеп қабырғасында жүргенде шет елде білім алу арманыма айналды. Дегенмен «ата-анам қолдай ма, жоқ па?» деген сұрақ көп мазалады. Әлемде пандемия орын алған уақытта мен түрік тілінің курстарына жазылып, дайындала бастадым. Сөздік жаттап, түрік елінің мәдениетін, салтдәстүрін, ауа-райын, университеттері туралы оқып дайындалдым. Мен шетелде мақтаныш үшін оқып жатқаным жоқ. Әлемге танымал түрік елінің сәулет өнерін игеріп, тәжірибе жинап, өз елімде қызмет атқарсам деймін. Бүгінгі таңда Стамбулдан екі сағаттық жердегі Сакария қаласындағы қала аттас университетте түрік курсын оқып жүрмін. Оңай деп айтпаймын, бірақ білім беру бағдарламаларынан қалмай дайындалсам, көштен қалмайтыныма сенімдімін. Иә, қазіргі таңда өкінішке орай, оқу карантиндік шараларға байланысты онлайн режимде өтуде. Десе де қашықтан оқу мен университет қабырғасында оқудың айырмашылығы көп емес. Сабақ өте сапалы өтеді. Яғни онлайн кітаптар, тапсырмалар үшін біз естімеген сан түрлі бағдарламалар бар. Олар оқуға ыңғайлы әрі тиімді. Студенттік өмірге аяқ басқан сәттен бастап өз міндеттерімді, парызымды, ата-анамның үмітін естен шығарған емеспін. Қазір студенттерге арналған унигарденде тұрып жатырмын. Шет елден келген студенттермен қоса қазақ жастарымен де араласып тұрамын. Келген уақытта тамақ пісіру қиындау болды, бірақ үйреніп алдық. Кейде анамның «ютуб аман болсын» деген сөзі есіме түсіп кетсе, жүзіме жылы күлкі ұялай кетеді. Өзім таңдаған Сакария университеті 1970 жылы Стамбул техникалық университетінде құрылған инженерлік және сәулет мектебімен тығыз байланыста болған деседі. Сакария университетін жай ғана SAU деп те атайды. Менің білуімше, 85 000-нан астам студенттері бар Түркияның ең ірі мемлекеттік университетінің бірі. Жалпы студенттер қауымын Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын! Биылғы мереке басқа кездегілерден ерекше болатыны анық. Себебі әлемде әлі де басылмаған дерт бар. Сол үшін сақтанамыз. Аман болсақ, әлі де талай тойлаймыз деген сенімдемін. Бізге қазіргі уақытта үлкен мүмкіндіктер беріліп отыр. Жай ғана уақытында білім алып, үйреніп, тәжірибе жинау керек. Өзім тәрізді жастарға алдағы уақытта білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашыңыздар дегім келеді. Игерген білімімізді елдің дамуына жұмсайық!

Ұқсас ақпараттар

Головкин — Мурата жекпе-жегінің күні белгілі болды

admin_mugalzhar

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырмаса не болады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.