«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ететін жаңа орталық құрылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz тілшісі.

«Отбасы банкі базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ, тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес, тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асырады. Тұрғын үй мен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады» — деді Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, осы орайда «Отбасы банкінің» өкілеттігі күшейтіледі.

«Отбасы банкі» жұмысының негізгі қағидаты ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталады. Мемлекеттік, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және кезекте тұрған басқа да азаматтар жеңілдетілген қарыз алу арқылы тұрғын үй сатып алады», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғанда берілетін төлем ұлғаяды

admin_mugalzhar

2024 жылы «Қандыағаш-Ембі» автомобиль жолы жөнделеді

admin_mugalzhar

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті

admin_mugalzhar

1 Пікір

Дюсенбаева Рая Сарсенбаевна 17.03.2022 at 16:59

Сәлеметсіздерме, менің айтайын дегенім мен балаларыммен Нұрсұлтан қаласында айына 130000 мың теңге төлеп пәтер жалдаймын.Бір күн кешіктірмейміз уақытымен төлеп отырамын.Үлкен балам қызмет жасайды осы қалада,кіші балам студент.Төрт жылдан бері біреуге төлеп жатырмын.Сол ақшаны үкіметке ипотекаға да төлейтін едік қой.Бірақ прописка кезек деп бізге бермейді.Осындай жағдаймен жүрген мыңдаған адам бар.Осындай жағдайдан шығау жолдарын қарастырсаңыздар деп ойлаймын.Аздап жинапта жүрміз бірақ бәрібір мандымайды.Ай сайын пәтер төлейміз,кредит төлейміз.Сондықтан осындай жағдайларды да қарастырсаңыздар.Біреуге төлеп жатқан ақшаны ипотекаға пәтер берілсе соған да төлейтін едік қой.

Жауап

Добавить комментарий для Дюсенбаева Рая Сарсенбаевна Бас тарту

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.