«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері жоғары болады

Бүгін Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығына арналған Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзен бассейндерінде қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай жөнінде баяндама жасады.

Наурыз айының синоптикалық болжамына сәйкес, ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады. Қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде (24-26 ақпан күндері) еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін, — деді ол.

Министр «Қазгидромет» наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынып отыратынын жеткізді. Сондай-ақ, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарланатын болады.

Гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларға дайындау мақсатында министрлік жанында Су тасқынына қарсы комиссиялар құрылды және тасқын суларды апатсыз өткізуге қажетті шаралар қабылдануда. Болжамға сүйене отырып, тасқын суларды қауіпсіз өткізу және оларды қажетті жобалық көлемге дейін толтыру үшін су қоймаларының жұмыс режиміне түзетулер енгізілді. Бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-75%-ды құрайды. Бұл ағымдағы кезең үшін қалыпты, — деді ол.

Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі күні қырық бір апаттық су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Оның 11-і қалпына келтірілді, соның нәтижесінде 14 мыңнан астам тұрғыны бар 15 ауылдық елді мекенде су басу қаупі жойылды.

Биыл тағы он су қоймасын қалпына келтіру жоспарлануда. Қалған жиырма су қоймасына қатысты жұмыстар алдағы 3 жылдың ішінде аяқталатын болады. Бүгінде осы нысандар су жинағыш ретінде емес, су өткізгіш ретінде қолданылып отырғандықтан, су тасқыны кезінде қауіп төндірмейтіндігін атап өткім келеді.  Жалпы, алдын ала болжам бойынша өзендердің сулылығы қалыпты деңгейде не одан төмен деп күтілуде. Республикалық меншік объектілеріндегі су шаруашылығының жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында. Бұл ретте, коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыс әкімдерінің назарын аудару қажет деп санаймыз, — деді министр.

BAQ.KZ

Ұқсас ақпараттар

ВОЛЕЙБОЛ: МҰҒАЛЖАР КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІСТІҢ ЖАЛҒЫЗ КУӘГЕРІ

admin_mugalzhar

1991 жылдан бері қанша этникалық қазақ атажұртқа оралғаны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.