Елдің шамшырағы саналатын кітапхана саласын өркендету жолында ұзақ жылдар еңбек етіп, жаңашыл бастамаларды іске асырған аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлнар Жанабергенова «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды.
Гүлнар Орынбасарқызы 1985 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша үздік бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Оқу-ағарту министрлігі кітапханасында кітапханашы болып бастаған. 1978 жылдан бері аудандық орталық кітапханасында кітапханашы, жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі қызметтерін атқарып, бүгінде орталық балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет жасайды. Гүлнар Жанабергенова мәдени көпшілік шараларды шебер ұйымдастырушы, өз мамандығының білгірі атанып, кітапхана саласының өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосып келеді. Ол өзінің қуанышын жеткізе отырып, жетістігінің жемісін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қосқан үлесім деп есептейтінін айтып, ағынан жарылды. Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз қарсаңында өз мамандығының үздігі атанған Гүлнар Орынбасарқызы аудан әкімі А.Шерияздановтың Алғыс хатымен марапатталды.
Н. КЕСІКҚҰЛ