«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

8342 ОҚУШЫ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚИДЫ

Наурыздан бастап аудан аумағындағы барлық мектептер эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты сабақты аралас форматта оқуға көшіп, карантинде қашықтан оқыған оқушылар қайтадан мектепке оралды. Алайда бір сыныпта ең көп дегенде 25 оқушыға дейін сабаққа қатыса алады.

Оқу жылының басында коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде 1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқып, үшінші тоқсан басталғанда 9 және 11-сынып оқушылары сабақтарын мектептен жалғастырған болатын. «Ақтөбе облыстық білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-нің қызметкерлерінің берген мәліметі бойынша, аудандағы барлық мектептердің 1-5 сынып оқушылары толықтай оқумен қамтылған. Санитарлық талаптарды қатаң сақтау негізінде сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек.

— Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы саны 12406 оқушы болса оның 8342-сі мектепке барып жүр. 1,4-сынып оқитын 5544 оқушы, 5-сынып оқитын 1264 оқушы, 9-сынып оқитын 1002 оқушы, 11-сынып оқитын 530 оқушы апта ішінде сабақтардың 70 пайызын мектепте, 30 пайызын қашықтан оқиды. Олар мектепте әлеуметтік қашықтықты сақтап, міндетті түрде маска тағып отырады. Бұған қоса, мектепке келушілер санитария талаптарын қатаң сақтауы тиіс, — дейді «Ақтөбе облыстық білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-нің жалпыға бірдей білім беру секторының меңгерушісі Жайнагүл Уайсова.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Шілде айында ыстықтан қалай қорғану керек? – Маман кеңесі

admin_mugalzhar

САЛТ-ДӘСТҮР – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

admin_mugalzhar

«АҚТӨБЕ — ҚАНДЫАҒАШ» ТАСЖОЛЫҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.