«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтардың орташа жалақысы аталды

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың ақпанындағы бағалау бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы — 223 213 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2021 жылғы қаңтарда 115 684 теңге болды. Бұл 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,8 пайызға жоғары. Бірақ, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 2,4 пайызға төмендеді.

2020 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны 453 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы ақпанның соңында 192 мың адам немесе жұмыс күшінің 2,1 пайызы.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 233 136 теңге болғаны хабарланған еді.


 

Ұқсас ақпараттар

Оңдасын Оразалин: Қала шетіндегі елдімекендер тасада қалып қоймауы тиіс

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.