2021 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz сайты.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта — барлық басқа аймақтар.
Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.