«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты лас шығарындыларды 30 пайызға дейін азайтады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Ведомство басшысы өңірдегі табиғат пайдаланушы ірі өнеркәсіп орындарын аралап, экологияға келтіретін зиянды азайтуға қатысты қабылданып жатқан шаралармен танысты.

«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барған министр Ақтөбе қаласындағы ауаға шығатын лас шығарындылардың 50%-ы аталған кәсіпорынға тиесілі екенін атап өтті. Биылғы жылдың ақпан айында кәсіпорын кешенді экологиялық рұқсаттама алып, соның аясында өндірісті ең озық қолжетімді технологияларға көшіру көзделген болатын. Кәсіпорын басшылығы қабылданған бағдарлама бойынша тазарту фильтрлерін қойып, 2023 жылға дейін қатты заттардың шығарындыларын 40%-ға азайтуды жоспарлап отыр.

Мағзұм Мырзағалиев зауыт басшылығына ең үздік қолжетімді технологияларға көшу шараларын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ хромшпинель ұнтағы қалдықтарының утилизациясы мәселесін шешу қажеттігін айтты. Жалпы «Қазхром» компаниясы өткен жылы экологиялық шараларға 11,5 млрд теңге бөлсе, оның 7 млрд теңгесі Ақтөбе өңіріне бағытталғанын атап өту керек.

Экология министрі 1-cанатты қауіпті ірі кәсіпкерлік субъектісі саналатын Ақтөбе хром қосындылары зауытына да барды.  Бұл кәсіпорында жиналып қалған шлам қалдықтарының утилизациясы бойынша шара қабылдау қажеттігін ескертті.

Айта кету керек, зауыт жаңа технологияларды қолдану арқылы өткен жылы лас шығарындылар көлемін 1,4 есеге азайтқан.

— 2025 жылға дейін зауыт эмиссияны азайту үшін толығымен сүзгілер қояды. Бұл жұмысты мүмкіндігінше тездету керек, — деді министр.

Бүгінде Ақтөбе қаласының экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалына кәріздік-тазалау құрылғылары станциясының тозығының жетуі әсерін тигізуде. Осы орайда Мағзұм Мырзағалиев «Aqtobe su-energy group» АҚ-на арнайы барды. Бұл жерде облыс әкімімен жаңа станция салу қажеттігі талқыланды.

— Уақытша проблеманы шешу үшін әкімдік тарапынан 420 миллион теңге бөлініп, химиялық реагенттер арқылы қоқыспен күрес жүріп жатыр. Атап өту керек, біз өткен жылы облыс әкімдігімен бірге өңірдің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасын қабылдадық. Қоршаған ортаға зиянды азайту жұмыстары сол жоспар аясында жүзеге асуда, — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

«Қазір кінәлілерді іздейтін уақыт емес» — Аймағамбетов ата-аналарға

admin_mugalzhar

ТАСҚЫНҒА ТӨТЕП БЕРГЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.