Дәулет Тұрлыханов UWW Asia (Біріккен күрес әлемі — Азия) президенті болып қайта сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.
«Алматыда 2021 жылғы азиялық күрес кеңесінің Бас Ассамблеясы өтті. Оған Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович, Біріккен күрес әлемінің вице-президенттері Михаил Маиашвили мен Ахролджан Рузиев, Біріккен күрес әлемі бюросының мүшесі Замел әл-Шахрани қатысты. (…)
Атқарушы комитеттің жаңа мүшелері шешімімен Дәулет Тұрлыханов (Қазақстан) президенттіктің екінші төрт жылдық мерзіміне қайта сайланды. Ал Кеннет Ли (Корея) Біріккен күрес әлемі — Азияның вице-президенті болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов — кеңес және қазақстандық грек-рим күресшісі, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.