«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазандағы мектепте болған атыс: Татарстанда аза тұту күні жариялады

Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, 21 адам түрлі ауруханада жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады. Қазан мектепбіндегі атыстан қаза тапқандардың жақындары мен отбасына Ресей Президенті Владимир Путин көңіл айтты. Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Бұған дейін атыс кезінде 11 адам қаза тауып, тағы 10 адам зардап шеккені хабарлаған еді.

inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар

КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«Евровидение-2021» официально стартовал в Роттердаме

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.