«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР ҚАЙТА МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

Кешеден бастап аудан бойынша бүгінге дейін қашықтан оқып келген мектеп оқушылары оқу жылының соңғы күндерін офлайн форматта бастады. Аудандағы білім ошақтары оқушыларды қайта қабылдады.

Ақтөбе облысының Бас санитарлық дәрігерінің 6 мамырдағы Қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде сыныптағы бала саны 25-тен аспайтын барлық сыныптар аралас форматта (70-те 30 пайыз) оқуларын жалғастыруда. Оқушылардың дене қызулары өлшеніп, маска режимі мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтай отырып оқиды.

— Білім және ғылым министрлігінің шығарған шешімі бойынша аудан аумағында онлайн режимінде оқыған, білімін толықтырғысы келген оқушылар үшін мектеп жанынан 26 мамырдан бастап, 19 маусымға дейін қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Қосымша сабаққа келіп қатысушыларға мектеп формасын кию міндетті емес. Үй тапсырмалары берілмейді. Бұл — оқушылардың жыл бойы орын алған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылған шара, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

Н. КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды

admin_mugalzhar

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.