МАМЫР АЙЫНЫҢ 20-23 КҮНДЕРІ ҚОСТАНАЙДА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ ЖЕКТЕН 2004-2005 ЖЫЛҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ ӨТКЕН БОЛАТЫН. АТАЛМЫШ ДОДАҒА АУДАН АТЫНАН НАЗАР ДИАС ПЕН ПРАСКУРИН РАДИОН ҚАТЫСТЫ. «ҚЫРАН» СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДАН ҮЗДІК ТАНЫЛЫП ЖҮР.
Орталық Қазақстанда Азия чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынаған мұғалжарлық спортшылар ережесіз жекпежектен мәртебелі 2-ші орынды қанжығаларына байлап келді. Еске сала кетейік, спортшылар жаттығатын «Қыран» спорт мектебі ағымдағы жылдың күз айында ашылған болатын.
-Ашылғанымызға аз уақыт болса да көптеген жетістіктерге жетіп келеміз. Жеңіспен оралған Диас пен Радион бұған дейін күреспен айналысқан еді. Ережесіз жекпежекті таңдағандарына да көп болмады. Соған қарамастан нәтиже көрсетіп, жүлде алып жатқандары қуантады, әрине. Бұның бәрі уақытылы тапсырылған жұмыстарды тиянақты орындаудың арқасында деп білемін. Жалпы бұл чемпионат жылда өтіп отырады. Былтыр қатысқанымызбен жеңіс тұғырынан көріне алмадық. Биылғы жыл біз үшін жемісті болып отыр. Алдағы уақытта талай жеңістерге жетеміз деген сенімдемін,- дейді «Қыран» спорт мектебінің жаттықтырушысы Жеңіс Қалабай.
А.АЛТЫБАЕВА.