«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РАЙЫМБЕК — БОЛАШАҚ СӘУЛЕТШІ

Әжесінің баласы Райымбек болашақта атақты сәулетші болуды армандайды. Қолына қағаз бен қайшы түссе, ойындағы ғажайып дүниелерді жүзеге асырмай тыным таппайды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін балапан интернет желілері арқылы түрлі заттардың жасалу жолдарын тамашалауды әдетке айналдырған.

10 жасар Райымбек Шутбековке бала аутизімі диагнозы қойылған. Анасы Марина алғашында бұл дерт туралы естігенде қиналғанын айтады. Алайда баласының болашағын жарқын қылып, дертінен айықтыру үшін мойымай, тек алға ұмтылу керектігін түсініп, толыққанды ем қабылдауын тоқтатпай, баласының өзгебалаларсекілдібілімалуыүшін бар күш-жігерін салып келеді. — Балам өте дарынды. Үнемі қолынан желім, қағаз, скотч, қайшы түспейді. Біздің ойымызға келмейтін дүниелерді жасайды. Деректі фильмдерді қарағанды жаны сүйеді. Кеменің суретін салғанды, сұлбасын жасағанды жақсы көреді. Содан болар, «Титаник» киносын көп қарайды. Баламның болашағынан үлкен үміт күтемін. Денсаулығы жақсарып, құлан-таза айығып кететініне сенемін. Ол бұрындары балалармен тіл табыса білмейтін, өзімен-өзі ойнайтын.

Бүгінде Райымбектің достары көп, олармен тез тіл табысып кетеді. 4-сыныпты үйден оқып бітірген баламды бұйырса, келесі оқу жылында өзгелермен бірдей білімалуы үшінмектепкежіберсем бе деп отырмын, — дейді анасы Марина Қонаева. Райымбек бүгінгі таңда аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне барып, психолог пен дефектологтың сабағына қатысып, қабылдауында болады. Ол есеп шығарғанды және өзіне ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін апайын жақсы көреді. Оның қолынан шыққан тапанша мен автоматтарды көрсеңіз, бейне бір шын қарудың қағаздан жасалған нұсқасын қолыңа ұстап тұрғандай боласыз. Райымбек кішкене бөлшектеріне дейін мән беріп, тапаншаның серіппе арқылы басқарылатын шүріппесіне дейін ойластырып жасайды. Сондайақ анасының портреті мен аспан денелерін салғанды, қағаздарды қиып, гуашьпенбояп, олардыжелімдеп, жақындарына кітапша етіп сыйлағанды жаны сүйеді.

— Телефон қараған ұнайды. Онда көп нәрсе бар. Әжемді де жақсы көремін. Оған үнемі көмектесуге тырысамын. Ислам, Кәрім, Нұрмұқан, Мадияр есімді достарым бар. Мен құмырсқаларды күтіп-баптайтын арнайы орын ашқым келеді. Себебі олардан адамға да, табиғатқа да пайда көп деп ойлаймын, — дейді Райымбектің өзі.

Ерекше қабілетке ие Райымбек түрлі сурет байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Өзі барып, оқып жүрген аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Күз кереметі» атты байқауға қатысып, ІІ дәрежеліДипломғаиеболып, Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің ұйымдастырған «Қыс қызығы» атты сайысында І орынды жеңіп алды. Есімдері әлемге белгілі атақты ғұламалар — Чарльз Дарвин, Исаак Ньютон, Блез Паскаль, Альберт Эйнштейн, Вольфганг-Амадей Моцарт аутизм ауруымен ауырған деседі. Олар осындай дерттеріне қарамастан адамзаттың дамуына үлес қосып, ғылым мен білімге тың өзгерістер алып келді. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Райымбектіңде қарым-қабілетіне қарап, әлемді аузына қаратқан атақты сәулетші болуын тіледік…

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Андрей ПЕТРОВ: ДЕЛО ЧЕСТИ ЛЮБОГО ЧЕЛОВЕКА — ПОМОЧЬ БЛИЖНЕМУ»

admin_mugalzhar

КОГДА ЖЕЛЕЗНАЯ ДОРОГА – ПРИЗВАНИЕ

admin_mugalzhar

ЕСЕПШІНІҢ ЕҢБЕГІ ӘР САЛАДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.