«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды

Күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинап болғаннан кейін белгіленетін болады. ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сатып құнын белгілегенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. «Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай тоннасына 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады, Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді», – деді С.Омаров. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде форвардтық сатып алу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылды, 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды. Еске салсақ, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан (93,4%) астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жинағанда 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна).

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбенің жолы жаңарады

admin_mugalzhar

Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

admin_mugalzhar

Биыл 2,6 млн ауыл тұрғыны медициналық көмек алады – Алексей Цой

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.