«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Көк шай коронавирустан қорғай ала ма – ғалымдар жауабын айтты

Суонси университетінің ғалымдары Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдап, коронавирус кезінде көк шай ағзаға қалай әсер ететінін зерттеді, деп хабарлайды ferra.ru.
Үндістанда дәрігер Суреш Моханкумар әріптестерінің қолдауымен ежелгі табиғи шайдың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқасқа әсерін анықтау үшін зерттеу жүргізді.
«Біз жасанды интеллект компьютерлік бағдарламаны қолдана отырып, басқа коронавирустарға қарсы белсенді болатын табиғи қосылыстардың базасын қарастырып, сұрыптадық. Осы қорытындылар көк шайдағы қосылыстардың бірі коронавируспен күресе алатынын көрсетті», – деді Моханкумар.
Компьютерлік модель бойынша ең белсенді қосылыс – галлокатехин екені атап өтілді. Ол көк шайдың құрамында болады әрі қолжетімді.

Ұқсас ақпараттар

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

admin_mugalzhar

Қордайдағы жұмыссыз жастарды құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақтарға жіберу керек – Айдар Абуов

admin_mugalzhar

ЗУЛАҒАН МОПЕД – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar