«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аудио, бейнежазба түрінде шағым қабылдайтын «Police 102» қосымшасы іске қосылды

Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Министрдің айтуынша, осы жылдың ақпан айында «Police 102» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен тұрғындар телефон, электрондық почта арқылы полиция қызметкерлеріне аудио, бейнежазба,  мәтін түріндегі шағымдарын жолдай алады. Бұл қызметті  осы күнге дейін 46 мыңға жуық азамат пайдаланды. Қосымшадан келіп түскен шағымдар бойынша екі мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі жол көлік ережесі мен тұрмыстық жанжалдарға байланысты жолданған  арыздар,-деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ол сонымен қатар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар автожолдарға полицияны жедел шақыру жүйесі орнатылып жатқанын атап өтті.

Бірінші кезекте жол апатының қауіпі бар учаскелерге, аялдамаларға, жол бойындағы қызмет көрсету орындарына және мобильдік байланысы жоқ жерлерге басымдық беріледі.  Жүйе сигналы бірден Жедел әрекет ету орталағына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне келіп түседі,-деді министр.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

«Эйр Астана» халықаралық әуерейстер санын қысқартады

admin_mugalzhar

Четыре наркомана и один токсикоман состоят в Мугалжарской райбольнице в настоящее время на учете

admin_mugalzhar

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.