«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Вакцинасыз кімдер жұмысқа кіре алмайды – толық тізім

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлері вакцина салдыруға міндетті. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруы тиіс. Sputnik Қазақстан бас санитардың жаңа қаулысында көрсетілген негізгі талаптарды ұсынады.
Сонымен, жаңа қаулы 2 шілдеден бастап күшіне енеді. Содан бастап 15 шілдеге дейін қызмет көрсету, білім беру, мәдениет, сауда және тағы бірқатар саланың қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті. Бас санитардың қаулысында осы ұйымдардың нақты тізімі де көрсетілген.
Олар:
халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО);
«Қазпошта» АҚ бөлімшелері;
екінші деңгейдегі банктер;
сақтандыру компаниялары;
жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер;
жарнама агенттіктері;
айырбастау пункттері;
ломбардтар;
сұлулық салондары;
шаштараздар;
химиялық тазалау орындары;
кір жуу орындары;
фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары;
моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар;
типографиялар;
тігін ательесі;
фотосалондар;
аяқ киім шеберханалары;
гүл дүкендері;
киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу қызметтері;
адвокат, нотариус,  бухгалтер және консалтинг;
маникюр, педикюр мен косметология нысандары.
Сауда нысандарының қызметкерлері де вакцина салдыруға міндетті. Соның ішінде көтерме және бөлшек сауда нысандары, базарлар, сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, тіпті, шағын дүкендер де бар.
Тізімге мәдениет және демалыс нысандары да енді. Олар:
музейлер;
музей-қорықтар;
кітапханалар;
концерттік ұйымдар;
филармониялар;
театрлар мен кинотеатрлар;
концерт залдары;
клубтар;
галереялар мен көрмелер;
цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары.
Қонақ үй, отель, хостел, мотель, жатақхана, кемпинг, әуежай, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, сондай-ақ, автостанция қызметкерлері вакцина салдыруы тиіс.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар екпе алуға міндеттеледі. Сондай-ақ, жаңа талаптар халық көп баратын мекемелерге де таралады.
Олар:
шипажайлар, демалыс үйлері, лагерлер мен туристік базалар;
қоғамдық тамақтану нысандары;
тамақ жеткізу қызметтері мен стрит-фудтар;
қарттар, мүгедектер үйлері мен сәбилер үйлері және басқалары;
денсаулық сақтау ұйымдары;
дәріханалар;
экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
компьютерлік клубтар;
бильярд залдары;
боулингтер;
ойын-сауық орталықтары/саябақтары;
аттракциондар;
аквапарктер;
караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сататын нысандар.
Коммуналдық қызметтер де бас санитардың тізіміне кіріп отыр. Бұдан бөлек, байланыс және телекоммуникация саласындағы ұжымдар да вакцина салдыруға міндеттеледі.
«Көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған жұмыскерлері 7 күнде 1 рет міндетті ПТР-тестілеуден өтеді», – делінген бас санитардың қаулысында.
Бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлай брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова бас санитардың қаулысын бұзғаны үшін әкімшілік жазаның қарастырылғаны жайында айтқан. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге), шағын кәсіпкерлерге – 100 АЕК (291 700 теңге), орта бизнеске – 200 АЕК (583 400 теңге), ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 500 АЕК (1 458 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Айта кетейік, осы брифингте денсалуық министрі Алексей Цой ұжым қызметкері екпеден бас тартса, ПТР-тест үшін кім төлейтінін айтқан.
«ПТР-тест үшін жұмыс беруші немесе жұмысшының өзі төлейді. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, вакцина тегін қойылады. Кез-келген адам екпені ақысыз салдыра алады. Бәрін мемлекет төлейді. Осының арқасында шығын шығармай-ақ, денсаулықты да, отбасыны да қорғауға мүмкіндік бар, я болмаса, ақша шығаруға тура келеді», – деп атап көрсетті Цой.
Қазіргі кезде зертханаларда коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тест 7 000 – 7 200 теңге тұрады.
Вакцинаға қарсы тұрақты медициналық көрсетілімдері бар адамдарға екпе салдырмауға болады. Алайда тиісті анықтаманы көрсету керек. Бұдан бөлек, коронавируспен ауырып шыққан адамдар да вакцина салдырудан босатылады. Бірақ ағзадағы антиденелердің көлемі ескеріледі. Бас санитардың қаулысына сәйкес, коронавируспен ауырып шыққан адамдар үш ай бойы вакцинасыз жұмысқа бара алады. Одан кейін антиденелердің саны азайып, вирусты жұқтыру қаупі жоғарылайды.

Ұқсас ақпараттар

Skills Enbek платформасында қалай оқуға болады?

admin_mugalzhar

МӘМС АЯСЫНДА ТЕГІН КӨМЕК АЛЫП ЖҮРСІЗ БЕ?..

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.