«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

COVID-19 КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЙДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ЕЛІМІЗДІҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ ЖАҢА ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАП, ҚАУЛЫҒА СӘЙКЕС ШЕКТЕУЛЕРДІҢ БАСЫМЫ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ. АЛ АУДАНДАҒЫ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ? МАСКА ТАҒУ ӘЛІ ДЕ МІНЕТТЕЛЕ МЕ? АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСПАҚ ПА? БҰЛ СҰРАҚТАРДЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ РАДИНА ИРЖАНОВАҒА ҚОЙДЫҚ. ЖАУАП ТӨМЕНДЕГІДЕЙ..

АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАН ШЕКТЕУЛЕР

ҚР Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қаулысына сәйкес енді эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлерде, соның ішінде біздің ауданда да барлық объектілер «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдаланбайды. Бұл туралы
бөлім басшысы Радина Иржанова айтты.
— Жаңа қаулыға сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті емес. Сонымен бірге дене қызуыда өлшенбейді. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашы қауада маскаларды міндетті түрде кию, медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда үй-жайларда маскаларды міндетті түрде кию. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері), вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу талаптары, объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алынып тасталды, — деді ол.
Дегенмен халықтың көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсыным сипатында қалдырылды.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

Бүгінде Ақтөбе облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Осыған сәйкес No18 « Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулыдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық меншік нысандағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесін болдырмауға, маска кию режимін міндетті түрде сақтауға, қойылатын талаптар алынып тасталды. Маска кию режимін сақтау білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
— Егер эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысса, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында маска кию режимін сақтау және зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы No36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуі қажеттігін естен шығармағаны жөн, — деді Радина Иржанова.

«КӨК» ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ» МӘРТЕБЕСІ: МЕРЕКЕЛІК ШАРАҒА РҰҚСАТ

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда — қызметі шектеусіз және субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік Санитариялық дәрігері Р.М.Қойшанованың 2022 жылдың 16 наурызындағы No8 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» қаулысына сәйкес мейрамхана, дәмхана және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету), салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер,ас беру) өткізуге рұқсат етілген.

2 ЖЫЛДА 2225 МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Індет іргемізден кіргелі Мұғажар ауданы бойынша коронавирусты инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 2225-ті құраған. Тарқатып айтар болсақ, 2020 жылы 176 жағдайы тіркелсе, 2021 жылы індет өршіп, вирус
жұқтырғандардың саны 1552 болды.
— Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қарасақ, адамдарың індетке шалдығу динамикасы сегіз есеге дейін өсті. Ал 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирусты инфекцияның 497 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 238-нің клиникалық симптомдары бар, 259 адамда клиникалық симптомдары болмады. Сонымен бірге 2020 жылы коронавирустық пневмония белгілерімен вирус сәйкестендірілмеген 93 жағдай, 2021 жылы 214 жағдай, 2022 жылдан 12 жағдай тіркелді, — деді бөлім басшысы.

ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ — ДҰРЫС ШЕШІМ

Бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша 35202 адам індетке қарсы екпе алған. Ал ревакцинациядан 10 465 адам өткен. Осы уақытқа дейін халық арасында вакцинация және ревакцинацияның маңыздылығына бағытталған санитариялық-ағарту жұмыстары толыққанды жүргізілгенін айтқан Радина Иржанова әлеуметтік желідегі парақшаларда, ата-аналар чаттарында, басқарманың әлеуметтік парақшаларында бейнероликтер күнделікті жарияланып тұратынын жеткізді.
— Коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаның толық курсын, яғни 1 және 2 компонентін алу қажет. 2 компонентті де алғаннан кейін 6 айдан соң ревакцинациялану қажет. Ал жыл сайынғы ревакцинациялану туралы ресми негіздеме болғанда тұрғындарға қосымша ақпарат берілетін болады. Тұрғындардың басым бөлігі вакцинациядан өткеннен кейін аурудың бәсеңдегенін көріп отырмыз. Сол себепті қалыптасқан иммунитетті ұстап тұру үшін ревакцинациялануды ұсынамыз. Вакцинация және ревакцинация — дұрыс шешім. Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды. Созылмалы аурулар асқынады. Осы тұсын ескеріп, ауырмаудың жолын таңдағанымыз жөн. Вакцинация — коронавирусты инфекцияның алдын алудың бірден бір жолы. Індетке қарсы вакцина егілген адамға коронавирустық инфекциядан қорғайтын арнайы иммунитет береді. Өкінішке орай, табиғи арнайы емес иммунитет әрдайым инфекцияларға қарсы тұра алмайды, нәтижесінде егілмеген адамдарда ауру жұқтырған кезде сырқаттанудың және асқынулардың пайда болу қаупі жоғары болады. Инфекциядан және вакцинациядан кейінгі асқынулардың жиілігі салыстыруға келмейді. Мәселен, коронавирустық инфекциямен ауырған кезде шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігімен өтеді, тағы 5%-ында науқастардың жағдайы критикалы қ болып табылады. Ықтималдығы жоғары аурудың ауыр түрлері егде жастағы адамдарда және демікпемен, диабетпен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастарда дамуы мүмкін, — деді са-
нитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.