«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

11 АДАМ АУРУХАНАДА ЕМ АЛУДА

Бүгінде ауданның эпидемиялогиялық ахуалы тұрақталып келеді. Мұғалжар ауданы бойынша өткен аптада 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 3 науқас сырқаттанып қалған. Ауданның инфекциялық бөлімдерінде жалпы саны 11 адам ем қабылдауда. Оның 6-ауы коронавирусты инфекциясын жұқтырған, 5-еуі коронавирусты пневмонияға шалдыққан.

Ауданның санитариялық дәрігерлері бүгінгі таңда барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарына індетке қарсы іс-шаралардың жүргізіліп, қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, олардан сынама алынып, ПТР әдісімен зерттеу мақсатында зертханаға жолданып жатқанын айтады.

— 2020 жылдан бастап аудан бойынша коронавирусты инфекциясын 1725 адам жұқтырды. Оның ішінде 961-ы клиникалық симптомдары бар, 764 адамклиникалық симптомдары жоқ науқастар. Қазіргі таңда науқастардың 98% жазылып шықты. Ал 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 1549 жағдайы тіркелді. Егерде салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2020 жыл ішінде коронавирусты инфекцияның 176 жағдайы тіркелген болса, 2021 жылдың қаңтар-қараша айы аралығында бүгінгі күнге 1549 жағдай болып аурушаңдық сегіз есеге өсті, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, індетбасталғалыкоронавирус белгілері бар пневмониямен 313 адамауырыпқалған. Бүгіндеолардың 98,6 пайызы емделіп шыққан. Аталған індеттің салдарынан жал- Мұғалжар пы саны 26 адам қайтыс болған.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

СВЕТЛЫЙ ПУТЬ Сапара Сагинтаевича

admin_mugalzhar

Мобильді аударымдар: жеке тұлғалар 2025 жылдан бастап тексеріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.