«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАБАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ СЕН, ДОМБЫРА!

Елімізде «Ұлттық Домбыра күні» жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Ұлттық руханиятымызды дәріптеуге бағытталған мереке Мұғалжар аудандық Мәдениет үйінде «Домбыра — қазақтың қазынасы» тақырыбымен карантиндік шектеулерге байланысты әлеуметтік желіде онлайн форматта аталып өтті.

Мәдениет үйінің қызметкерлері күміс көмей домбыраның бұрауын келтіріп, әсем әннен шашу шашты. Балымбет Күзембаев жетекшілік ететін “Домбырашылар” ансамблі Желдібаевтың «Ерке сылқымын», Құрманғазының «Адайы» мен «Балбырауынын», «Сарыарқасын» бабына келтіріп орындап, құлақ құрышын қандырды. Ал Әлима Садуова жетекшілік ететін “Балалар-термешілер” ансамблі Ақтанкерей мен Сарының термелерін нақышына келтіріп шырқады. Мұғалжар өңіріне белгілі күйші Балымбет Күзембаев орындаған «Жолаушы» күйі көптің көңілінен шықты.

— Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» деген сөзіне қарап отырып, қазақ пен домбыраның егіз ұғым екеніне толыққанды көз жеткізуге болады. Домбыра — қазақ елінің көнеден келе жатқан киелі де қасиетті шежіресі. Домбыраның көмейінен шыққан әр үнде еліміздің тарихы, бабаларымыздың жүріп өткен жолдарының ізін көруге болады. Сол себепті “Домбыра” күнінің аталып өтуі қазақ халқы үшін үлкен мереке, — дейді Мәдениет үйінің әдіскері Нұршат Мұқашева.

Ә.КЕҢЕСҰЛЫ

Ұқсас ақпараттар

TALANTTAR ӘЛЕМІ — 2023

admin_mugalzhar

ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ – МӘҢГІЛІК

admin_mugalzhar

Сбербанк запустил услугу медстрахования клиентов «Сбереги себя»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.