«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Qurban2021.kz сайты іске қосылды: Құрбан шалуға қандай талаптар қойылады

Қазақстанда Құрбан айт мерекесі 20 шілдеден басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10-минуттық Құрбан айт намазы оқылатынын айтты. Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен жүзеге асырылатынын айтты:

Бірінші, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу рәсімін офлайн режимде, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.

“Биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда Ashyk мобильді жүйесі іске қосылатын болады. Сары және жасыл аймақтардың құрбандық шалатын арнайы орындарында азаматтық денсаулықтарына ерекше көңіл бөлу және қоғамдыққауіпсізді қамтамасыз ету мақсатында арнайы Ashyk мобильді қосымшасын іске қосып отырмыз. Атап айтсақ, қызыл және сары мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді. Көк және жасыл мәртебесі бар азаматтар ғана құрбандық шалу рәсіміне жіберіледі. Кешеден бастап ҚМДБ-ның арнайы өкілдері сары және жасыл аймақтағы өңірлер бойынша әкімдік тарапынан арнайы құрбан шалуға бекітілген орындарға барып, онлайн форматта құрбан шалушыларды алдын-ала жазады. Әрбір өңірдегі ҚМДБ жұмыс тобының колл-центріне қоғырау шалу арқылы жазылады.

Оффлайн форматтағыларға арнайы тізім қалыптастырып, құұрбан шалуға ниетті тұлғаға құрбан саны мен құрбан шалуға барудың нақты уақыты хабарланады. Бәрі бірдей бір уақытта бармас үшін, талон алған секілді өз кезегімен барып шалатын болады. 20 шілде күні сағат 07:20-дан бастап сары және жасыл аймақтағы өңірлердегі алдын-ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта әкімдік тарапынан бекітілген арнайы орынға барып, оффлайн форматта құрбан шала алады. Әр адамға бір сағат уақыт беріледі. Құрбандық етін, ет сақтайтын орындарда жөнелту және оны жеткізу жағын еріктілер, мешіт қызметкерлері, имамдар жүзеге асырады. Бұл тегін болады. Құрбан еттерін жағдайы төмен отбасылар, жетімдер үйі мен қарттар үйі және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға беріледі. Қасапханаларда санитарлық талаптардың сақталуы, құрбандыққа шалынатын мал мен оның жағдайы тексерілді. Қасапханаға кірерде масқа тағып, ара қашықтықтықты сақтап, дене қызуы бар адамдардың кіруіне жол берілмейді. Жасы 65-тен асқан қариялар сондай-ақ, әйелдер мен балалар барынша құрбан шалу орындарына бармағаны дұрыс”, – дейді Ершат Ағыбайұлы.

Құрбан шалатын адамға қойылатын талап:

  • Қасапханаға міндетті түрде бетперде тағып кіру
  • Антисептиктік заттарды барынша пайдалану
  • Ара қашықтықты қатаң сақтау
  • Бір-бірімен қол алыспау
  • Дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамға келмеу
  • Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйелдердің құрбан шалатын орынға бармауы сұралады.

Қасапханашыға қойылатын талаптар

  • Қасапшы мұсылман болуы
  • Кәмелетке толған, психикалық және физикалық тұрғыда сау болуы
  • Мал союды жақсы меңгерген болуы
  • Санитарлық талаптарды сақтауы
  • Мал бауыздар алдында “Биссимиллә” және “Аллаху әкбар” деп айтуы
  • Құрбандық шалуға өкілдік берілмей малды бауыздамауы
  • Пышақты малдың алдында қайрамау
  • Сойылатын жерге малды қинамай алып бару
  • Малды құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу
  • Малды өтпейтін пышақпен бауыздамау
  • Бір малдың көзінше басқа малды бауыздамау
  • Малдың қаны толық аққанын, жаны шыққанын күту

Қасапхана ғимаратына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  • Қасапханаға келетін адамдардың дене қызуын өлшеп кіргізу
  • Қасапханаға антисептиктер мен маскалар қою
  • Қасапхана толымдылығын 30 пайыздан асырмау
  • Кемінде 1 метр ара қашықтықты білдіретін сызықтарды сызып қою
  • Мал соятын орынның таза болуын қадағалау

Сондай-ақ, бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжіребесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асыру.

“Бұл жерде тұрғылықты жері, мал түрі, басқа деректер толтырылады. Құрбандыққа шалынған мал міндетті түрде тұрмысы мұқтаж жандарға таратылатын болады. Құрбандық щалу барысын осы сайт арқылы қадағалай аласыз. Республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін www.qurban2021.kz сайты арқылы биыл 20 шілде күні айт намазынан кейін өтініш білдіре алады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады. ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі.

Осы орайда еліміздің әр аймағындағы малдың бағасы әртүрлі екенін ескеру қажет.  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында малдың бағасы бірдей болмауы мүмкін. Тапсырыс берушіден түскен қаражат мал иесіне, яғни сатушыға тікелей беріледі. Өйткені бұл делдалдық қызмет емес. Көрсетілген сомаға қасапшының қызметі ғана кіреді. Ал құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстары ҚМДБ мешіт жамағаты мен еріктілердің көмегі арқылы тегін жүзеге асады”, – дейді ҚМДБ өкілі.

Сонымен қатар qurban2021.kz сайты бүгін сағат 15:00-де іске қосылды. Сайт 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады.

«Qurban2021.kz сайты арқылы республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады. Мұқтаж отбасылардың өтінішін қабылдау, сараптау және құрбандық етін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері және еріктілер айналысады», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын адамдарға құрбан шалуға қатысты ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу қойылмаған.

Шариғатымыз бойынша «бай» деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамға айтылады. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе қажеттілігінен артық 85 гр алтын (1 230 000 теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.

Ұқсас ақпараттар

Бағдат Мусин алдағы уақытта электронды цифрлық қолтаңба QR-мен алмастырылатынын мәлімдеді

admin_mugalzhar

Жеке куәлік пен төлқұжат: 2024 жылы құжаттар қанша тұрады

admin_mugalzhar

МОНИТОРИНГТІК ТОП 1642 НЫСАНДЫ ТЕКСЕРДІ МОНИТОРИНГТІК ТОП 1642 НЫСАНДЫ ТЕКСЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.