«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қарбыз жеңіз: қауын-қарбызды қалай таңдаған дұрыс?

Ауа-райы ысып келеді, елдің көпшілігі қарбыз жеуді бастап та кетті. Бірі шілде айын нағыз қарбыз жейтін уақыт десе, бірі әлі ерте дейді. Қарбыз, балмұздақ және салқын сусындар жаз мезгілінде міндетті дәмділер болып табылады. Енді сіз серуендеуге шыққанда немесе жұмыстан келгенде, сатушылардың қарбыз арбаларын сүйреп жүргендерін немесе сатылым жариялаған супермаркеттегі қарбыз сөресінде кезекке тізілген адамдарды көресіз. Сәтін салса, ерекше тәтті қарбызды таңдайсыз. Ал егер сізге сәттілік жолдас болмаса, таңдаған қарбызыңыз дәмсіз ғана емес, кейде тіпті қышқыл әрі піспеген де болады. Қарбыз таңдауда қателеспес үшін «Адырна» порталының мына мақаласын оқыңыз.

Қарбызды ұрған кездегі дыбыс

Қарбыздың қалай естілетінін білу үшін оны шертіп көру — бұл тәтті қарбызды таңдау кезінде жиі қолданылатын әдіс. Бұл шынымен де тиімді тәсілдердің бірі. Біз қарбызды құлағына тақап, оны қағып, түрлі дыбыстарды тыңдайтын адамдарды жиі байқаймыз. Оның құпиясы мынада: егер шертіп көргеннен кейінгі шыққан дыбыс айқын және дауысты болса, бұл қарбызда шырын көп және ол өте тәтті болады дегенді білдіреді. Егер дыбыс күңгірт болса, мен сізге тағы бір қарбызды шертіп көруге кеңес беремін.

Жолақтар

Сіз сондай-ақ тәттілікті жолақтар бойынша оңай анықтай аласыз: егер жолақтар айқын болса және олардың арасындағы саңылаулар салыстырмалы түрде тар болса, онда мұндай қарбыздар әдетте тәтті және шырынды болады. Өйткені оның өсу процесінде судың жетіспеушілігі болмады деген сөз. Егер жолақтар анық емес және толқынсыз болса, басқасын таңдаңыз.

Сабағы

Көбіміз қарбызды таңдағанда әрдайым сабағының болғанына қараймыз, бірақ оның түзу немесе қисық екендігіне назар аударуды ұмытып кетеміз. Шын мәнінде, сабақ жасыл болуы керек, өйткені сары немесе қара сабақ, қарбыздың ұзақ уақыт бойы тұрып қалғанын білдіреді.

Қарбыздың «кіндігі»

Сабақтың қарама-қарсы жағында біз қарбыздың «кіндігі» деп атайтын жер бар. Бұл қарбыз гүлінің орналасқан жері. Гүл қурап қалғаннан кейін ол кішкене шеңберді қалдырады. Егер «кіндік» кішкентай болса, бұл аналық қарбыз, ал үлкен болса аталық. Кіндік қаншалықты кіші болса, соғұрлым қабығы жұқа және дәмі тәтті болады, сондықтан оны сатып алудан бұрын тексеріп алған жөн.

«Адырна» ұлттық порталы

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?

admin_mugalzhar

Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына өтуі мүмкін бе?

admin_mugalzhar

МЫ ДОЛЖНЫ ДЕЛАТЬ ЖИЗНЬ НАШИХ ЖИТЕЛЕЙ КОМФОРТНОЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.