«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеден Нөкіске тікелей рейс ашылды

29 шілдеден бастап Ақтөбеден тікелей Өзбекстанға ұшақ ұшатын болды.

Бұл туралы Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының инстаграм парақшасында хабарланды.

Сонымен, алдағы уақытта Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағы арқылы жолаушылар Ақтөбеден Нөкіске аптасына бір рет, атап айтсақ, әр бейсенбі сайын тұрақты рейспен қатынай алады. Қазір билеттер сатылып жатыр.

Билет құны бір бағыт үшін 40 мың теңгеден басталады.

Д.АЙДАР, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан үкіметі 2021 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу ережелерін жариялады

admin_mugalzhar

Түркістан облысында ауыл әкімі өз кабинетінде карта ойнаған

admin_mugalzhar

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

admin_mugalzhar