Латын қарпіне көшу – рухани жаңғыру талабы

1603 0

Жуырда аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Латын әліпбиіне көшу мәселесіне орай, «Латын қарпіне көшу – рухани жаңғыру талабы» деген ауқымды тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Жиынның мақсаты – мемлекеттік маңызы бар және мемлекет аралық қатынасқа жол ашатын латын әліпбиінің — ұлттық мүддеге алтын тұғыр боп тігіліп, рухани бірлікке бастар берекелі көпірге ұласарын ой-пікірлер арқылы ортаға салу. Аудандық мұражай директоры Шамшат Әміржанұлының айтуынша, латын қарпіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам. Ал мемлекет жаңғыруы – ол алдымен жазудан басталады. Болашағы зор латын графискасына көшу – ұлт аралық қатынастарды анағұрлым жақсартады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдары жүзеге асатын ауқымды жобалардың бірегейі саналған латын әліпбиіне көшу мәселесі қоғамда әлі күнге дейін қызу талқыланып жатыр.

Осы орайда аталмыш шараға қатысқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, Қандыағаш спорт мектебінің мамандары және өзге де мекеме өкілдері, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің студенттері өз ойларын ортаға салды, сонымен қатар  латын әріптерімен өздерінің аты-жөндерін жазып көрді.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Оқи отырыңыз

Қандыағаштың жолдары жөнделе бастады

24.05.2018 0
Қандыағаш қаласының қалаішілік жолдарын жөндеу жұмыстары басталды.  Мұғалжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі…

Білім саласының өз ерекшелігі бар

16.01.2018 0
Таяуда Мұғалжар ауданына келген Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова ауданға қарасты жалпы білім беру мекемелерінің басшыларымен…

Саябаққа атау берілді

15.08.2018 0
Қандыағаш қаласындағы орталық саябақ бұдан былай «Қазақстан» деп аталатын болады. Бұл мәселе жақында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі…

Жолақы: бағаны реттейтін нарық

20.12.2018 0
Келесі жылдан бастап Қандыағаш қаласындағы қалаішілік маршрут автобустарында жол жүру ақысы 60 теңгеге өседі. Жолақысының 40 теңгеден бірден 60 теңгеге…

Сессияда 9 мәселе қаралды

31.01.2018 0
Жуырда Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихаттың 14 депутатынан 10 депутат қатысты.  Аудандық мәслихаттың…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *