«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қысқы төтенше жағдайға дайындық

Кеше жылдағы үрдіспен  қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекеттерге басқару органдары мен азаматтық қорғау жүйесінің мемлекеттік күштерін дайындау мақсатындағы «Қыс-2017» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу облыстағы барлық аудандарда ұйымдастырылды.  

Оқу-жаттығу барысында аудандағы төтенше жағдайлар кезіндегі қызметтердің дайындық жұмыстары пысықталды. Ауданның авариялық-құтқару қызметтері мен жасақтарының сап түзеуіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов төтенше жағдайға қатысты мекемелерден жұмылдырылған техникалар мен қызметкерлердің дайындықтарын жекелей танысты. Олардың ішінде «Энергосистема» ЖШС-нің оқу-жаттығуға салғырт қарағандығын сынға алып, мекемені қысқы төтенше жағдайларға әзір емес деді.

-Әрбір қызмет басшылары қысқы төтенше жағдайларға тек оқу-жаттығуға ғана әзірлік танытудың қажеті жоқ. Бұл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырған іс болғандықтан, бұған әрдайым дайын болуымыз керек. Әрине, төтенше жағдайлар болмасын. Алайда, біз өз тарапымыздан дайын болуға тиіспіз, — деді Бекболат Қалдыбайұлы.

Оқу-жаттығу барысындағы негізгі іс-қимыл дайындық жұмыстары Қандыағаш қалалық өнеркәсіптік-экономикалық колледжі мен қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Коммуналщы» мекемесінің №1 орталық жылу қазандығында өтті. Аталған шараға 200 адамнан тұратын жеке құрам, 46 арнайы техника, ауданның 15 азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылды. Республика көлемінде ұйымдастырылған командалық-штабтық оқу-жаттығудың талапқа сәйкес өткізілуі бақыланып отыр.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАРДА БАР ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР

admin_mugalzhar

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға шықты

admin_mugalzhar

НЕ НАРУШАЙ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.