Кәсіпорындар жұмысшылардың жалақысын бере бастады

1551 0

Қандыағаштағы «Базальт-А» және «Силикат-А» ЖШС-лары жұмысшыларға еңбекақыдан бережақтарын өтеп жатыр. Бұл өткен аптада Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұловтың төрағалық етуімен өткен үш жақты комиссия отырысынан кейінгі нәтиже.

Комиссия отырысында аудандағы іргелі кәсіпорындар осы уақытқа дейін жұмысшылардың жалақыларын ай сайын төлемеуіне байланысты сынға іліккен болатын. Мәселен, «Базальт-А» және «Силикат-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тамыз, қыркүйек айларының жалақысын әлі күнге дейін өтемей келген болатын. Ал «Темір Сервис» ЖШС-і жұмысшыларына жылдың басынан бері мардымды жалақы төлемей отыр. Аталған кәсіпорындардың өкілдері мұның себебін шығарылып жатқан өнімге сұраныстың жоқтығымен түсіндіреді. Алайда, жергілікті атқарушы биліктің өкілдері онда жұмысшылар еңбек етіп жатқандықтан, олардың еңбектері ескерілу керек деген сын ескертпе берді. Жалпы заңнамаға сәйкес, аудандағы барлық мекемелер мен кәсіпорындар әр айдың 10-на дейін жұмысшылардың жалақыларын беруге міндеттеледі. Осыған сәйкес, аталған кәсіпорын басшылығына белгілі мерзімде бережақтарын өтеу ескертілді.  Өтелмеген жағдайда жергілікті атқарушы биліктің ұсынысымен олардың мәселесін прокуратура мен еңбек инспекциясы май шаммен қарайтын болады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мәліметі бойынша, қазіргі күні «Силикат» ЖШС-і  7 282,6  мың бережағын толығымен өтеді. «Базальт» ЖШС-і  15 916,3 мың теңге бережағының 9 131,0 мың теңгесін өтеп отыр. Қалған қарызын алдағы уақытта өтемек. Жалпы кәсіпорындардың бұл бережақтары тамыз айынан бері келеді. Ал заңды түрде Ақтөбе қаласында тіркеуде тұрған «Темір сервис» ЖШС-і  мұғалжарлық 20 жұмысшысына наурыз айынан қыркүйек айына дейін жинақталған 4260,7 мың теңге бережағының 1513,9 мың теңгесін ғана өтеді. Аталған мекемелер әлі де болса қатаң бақылауда болады.

Әнуар ЕСҚАРА

Оқи отырыңыз

Жаңа спорт зал берілді

30.11.2017 0
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ембі қалалық №4 орта мектебі жанынан спорт зал ашылды. Көлемі 507,4 метр шаршы метрлік жаңа…

ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ

19.10.2017 0
Дүрбелеңге толы дүние долданып, әлемдегі алпауыт мемлекеттер бір-бірлеріне азуларын қайрап тұрған шақта бізге бастысы бейбітшілік, бөліну емес – бірігу, алауыздық…

Мұғалжарлықтар үздіктер қатарында

29.11.2017 0
Облыстық «Туған жерім – нұрлы елім»  акциясы аясында өткен аудан күндері қорытындыланды. Жуырда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында аталмыш акцияға…

ИГІЛІГІ МОЛ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА

10.10.2017 0
Кеше Мұғалжар ауданына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Өңір басшысы аудан әкімі Ербол Данағұловпен Қайыңды ауылдық округіне қарасты Алтынды…

Жердің де сұрауы бар

27.10.2017 0
Коммерциялық мақсатта берілген жерлер тиімді пайдаланылмаса мемлекет меншігіне қайтарып алынады. Бүгінгі таңда, ауданда осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *