Жем қаласының әкімі белгілі болды

796 0

Бүгін Мұғалжар аудандық мәслихаттың депутаттары Жем қаласының әкімін сайлады.

Бұған дейін белгілі болғандай Жем қаласы әкімі қызметіне үш үміткер түскен болатын. Олар Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Жұматай Бисенов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Руслан Қойшыбай, Жем қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Жандос Кулбаев. Халық қалаулылары лауазымды қызметке сайлауға түскен үш үміткердің арасынан Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Жұматай Бисеновты (оның өмірбаяны мен қызмет жолы бұған дейінгі аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланды)  лайықты деп таныды. Сөйтіп, округ әкімі Жем қаласының әкімі қызметіне сайланды. Енді алдағы уақытта Қ. Жұбанов ауылдық округі әкімі қызметіне тағы сайлау өтетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жем қаласының әкімі қызметін атқарған Нүркен Дәрібай басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымды қызмет орны бос тұрған еді.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Оқи отырыңыз

В районе новый зам

31.01.2018 0
На должность заместителя акима района по социальным вопросам назначен Галым Кобландин. Местному активу его представил аким района Ербол Данагулов. Галым Кобландин…

Жерлестермен жүздесу

29.09.2017 0
«Ақтөбе – құтты мекен» халықаралық форумы аясында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дүсіпов пен Дүниежүзілік Қазақстан Қауымдастығы…

Мұғалжарлық спортшылар жүлделі оралды

24.05.2018 0
Жақында мұғалжарлық қос спортшы Таисия Дьяченко мен Нұржан Жазимов Финляндияның Ванта қаласында пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатынан жеңісті жүлдемен оралды. Аталған…

Денсаулықты сақтандыру маңызды

23.01.2018 0
Биылғы медицина саласына енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша 30-ға жуық жеке медициналық орталықтар халыққа тегін қызмет көрсетеді. Олардың…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *