«103-ке» қоңырауды облыстағы орталық қабылдайды

2505 0

Жедел жәрдемді шақырту үшін соғылатын қоңырау енді бірыңғай диспетчерлік жүйемен Ақтөбе қаласында қабылданып, жедел жәрдем санаты сол жақта сұрыпталатын болады. Ал бұған дейін жергілікті жердегі жедел жәрдем қызметін көрсетіп келген фельдшер мамандары облыс орталығынан жіберілген шұғыл хабарлама бойынша жұмыс жасайды.

Қандыағаш қаласындағы жедел жәрдем қызметінің аға фельдшері Құндыз Нұрлыбаеваның айтуынша, қала тұрғындарына 12 фельдшер 2 бригадамен жедел медициналық қызмет көрсетеді. Олардың қолдарындағы планшеттеріне облыс орталығынан «103» нөмірі арқылы қабылданған жедел шақыртулар бойынша  хабарламалар жіберіліп отырады. Барлық жедел жәрдем көліктері «GPS» қондырғылары арқылы шақыртылған жерге дер кезінде жетуі қадағаланады. Мәселен, бұйрық бойынша бірінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған жерге мынандай жағдайда ғана 10 минуттан аспайтын уақытта жетуі тиіс: есінен тану, тыныс алысы тоқтау, жүрек тоқтауы, тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуы, есеңгіреу хәлі, сіңір тартылу, кеуде тұсының ауыруы, шала салдану (бұлшық еттерінің әлсіреуі, орталық нерв жүйесінің бұзылуы) сал ауруы, жындану, зақым келу салдарынан қан кету, жарақат алу салдарынан қан кету, бас, мойын жарақатынан қан кету, күйік, үсік, жануарлар мен жәндіктер тістеп алу (аллергиялық реакциядан туатын талма ауруы), электржарақатын алу, қан аралас құсу, бала туу, оқыс жағдайлар (жарылыс, өрт, су басу және т.б.).

Екінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған жерге мынандай жағдайда белгілі орынға 15 минуттан аспайтын уақытта жетуі керек: лаңкестік әрекет орнына шақыру, пациенттің ес-түсін жоғалтуы, тыныс алу жолдарының бұзылуы (демікпе, аллергия, жүрек ауруы, улану жағдайлары және т.б.), жүрек соғысының бұзылуы, естен тану, 3 жасқа дейінгі балалардың дене қызуы 38°С жоғары болу, қызуы жоғарылаумен денені бөртпе басу, жарақат алу салдарынан қан кету (дене мүшесіне зақым келу), улану, коронарлы синдромға күдік келтіру, жүкті әйелдердің бас ауруы, құсу, іш өту.

Үшінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған жерге 30 минуттан аспайтын уақытта жетуі тиіс. Оған мынандай жағдайлар жатады: жарақат алу, іш ауруы, дене қызуының көтерілуі, көпшілік шаралар кезіндегі кезекшілік, физиологиялық босану,  жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктіліктің тоқтатылу қаупі), балалардың күюі, үсуі.

Ал  өмірге қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың асқынуы, терінің өткір қабынуы, ісінуі, жеңіл жарақаттар, созылмалы аурулардың қабынуы, тамақтан улану салдарынан іш өту , құсу, жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін), зәр шығару жүйелерінің созылмалы аурулары салдарынан кіші дәреттің жүрмей қалуы, қан аралас зәр шығару, бала туу, түсік жасатудан кейінгі асқынулар, тыныс алу жолдарынан басқа жерге бөгде заттың кіруі, алғашқы медициналық көмек немесе стационарды талап ететін басқа да жағдайлар кездерінде алғашқы медициналық санитарлық көмек барады. Бұл төртінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі 1 сағаттан аспайтын уақытта жетеді.

Ауданның бас дәрігері Мейіржан Кенжебаевтың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, мұндай жаңашылдық жыл басынан қолға алынып, қыркүйектің 11-і күні нақты іске қосылған.

-Биылдан бастап жедел жәрдем қызметін аудандық аурухана көрсетпейді. Бұл қызмет — енді мемлекеттік тапсырыс негізінде «Алғашқы жедел жәрдем» ЖШС-і арқылы көрсетіледі. Осы уақытқа дейін алғашқы жедел медициналық көмек көрсетіп келген фельдшерлердің барлығы аталған ЖШС-ға жұмыс істейді. Еншісі бөлек болғанымен, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде қоян-қолтық жұмыс жасалады. Жаңа талап бойынша, 103-ке қоңырау шалған науқастардың жедел шақыртуының 1,2,3 санатына барады. Ал 4 санаты бойынша аудандық аурухана жанынан жасақталған алғашқы медициналық санитарлық көмек жеткізіледі. Өйткені, балтыры сыздаса да 103-тен көмек сұрап, жедел жетпесе шағымданатындар көп. Бұл көп жағдайда расымен жедел медициналық көмекке мұқтаж науқастарға фельдшерлердің дер кезінде жетуіне өте кедергі келтіреді, — дейді бас дәрігер.

Әнуар ЕСҚАРА

 

Оқи отырыңыз

Орталық көшенің жолы жөнделіп болды

10.09.2019 0
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласының Тәуелсіздік көшесіндегі қалаішілік жолды жөндеу жұмыстары түбегейлі аяқталуда. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі…

Шәкірттер жеткізген жетістік

15.11.2017 0
Жуырда Қандыағаш қалалық А. Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары республикалық байқаудан жүлдемен оралып, ауданның мерейін өсіріп қайтты.   Орал…

«Апа-ау» әні аудан сахнасында шырқалды

29.11.2017 0
ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, актриса Жанар Айжанова өткен аптада мұғалжарлықтарға арнап «Апа-ау» атты ән кешін берді. Әнші жергілікті тұрғындарды ауданның…

«Харакет» қорының тағы бір қайырлы ісі

02.04.2019 0
Бүгін Қандыағаш қаласында республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы және бір отбасыға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Аталмыш қайырымдылық қорыдың көмегімен…

Сау болсыншы сәбилер

20.09.2018 0
Ана мен баланың саулығы — бүтін бір ұлттың болашағы. Сондықтан мемлекет өз кезегінде ұлт саулығына мән беріп, медицина саласын заман…

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *