«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚШ төрт жыл ішінде Айға сапар шегуді жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп «Мемлекеттің жағдайы» деп аталатын жыл сайынғы жолдауы кезінде заң шығарушыларды алдағы төрт жыл ішінде Ай бетіне ғарышкерлерді жіберу бағдарламасын толық қаржыландыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Айдағы келесі ер адам мен алғашқы әйел – америкалық астронавтар болатынына кепілдік ретінде Конгресстен Artemis бағдарламасын қаржыландыруды сұраймын. Бұл Американың Марста өз туын орнатуына алғашқы қадам болмақ», — деп мәлімдеді АҚШ президенті. 2017 жылдың желтоқсан айында Трамп «Аполлон-17» жобасының 45 жылдығында Айға астронавтарды жіберу туралы НАСА бастамасына қол қойған болатын.

Былтыр наурыз айында вице-президент Майк Пенс агенттікке 2024 жылға дейін уақыт берді. Бұрынырақ агенттік Ай бетіне 2028 жылға дейін қонуды жоспарлаған болатын. Мамырда Ақ үй Artemis деген атпен танымал Айды зерттеу бастамасын қолдау үшін НАСА бюджетін 2020 жылы 1,6 миллиард долларға арттыруға тырысатынын мәлімдеді.

Нәтижесінде, агенттік Айға адамдарды жіберу үшін 600 миллион доллар көлемінде қолдауға ие болды. Дегенмен, The Verge басылымына берген сұхбатында НАСА басшысы Джим Бриденстайн бағдарламаның жетістігі қаржыландыруға байланысты екенін жеткізді. Оның айтуынша, 2021 жылдың бюджеті одан да маңыздырақ және ол 600 миллион доллардан да көп болуы керек.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жұмыс орнын сақтау меморандумына қол қойды

admin_mugalzhar

ИСТОРИЯ ШКОЛЫ — ИСТОРИЯ СТРАНЫ

admin_mugalzhar

С днем рождения, коллеги!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.