«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Атырауда сабаққа қатыспаған баланың әкесі екі күнге қамалды

Баласы бетімен кетсе, әкенің тартар азабы аз емес. Мәселен, Доссор кентінде тұратын отбасының колледжде оқитын ұлы ақпан айында еш себепсіз сабақ қатыспай жүрген. Алайда, еріншек бала сабаққа қатыспағанына дәлел бола алатын анықтама ұсынбапты. 

Әрине,  ұстаздары оған бірнеше рет ескерту жасапты. Соған қарамастан сабақтан қалуын жалғастыра беріпті. Сөйтіп, ақпанның 12 күнінің сабағына қатыспағаны анықталып отыр. Ұлының бұл әрекеті үшін әкесіне сот алдында жауап беруіне тура келді.  

Бұл іс Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану  арқылы  қаралды. Өйткені, кәмелетке толмаған баланың әкесі  бір жыл бұрын бұрын әкімшілік жазаға қолданылса да тәрбие мен білім беру жөніндегі міндетін орындамай келген. Сол себептен, оның ісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 2-бөлігін бұзған болып саналды.

– Сот отырысында құқық бұзушыға  кінәсін мойындамасқа амал қалмады.  Сот қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне екі тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

«Канело» Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты

admin_mugalzhar

Ақтөбеде Абайға және Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылады

admin_mugalzhar

ЖҰМЫССЫЗДАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.